Ақтауда есту аппараты шығарылады.

Ақтауда есту аппараты шығарылады.

«Айшық» деп аталатын отандық есту аппараттары енді Ақтау қаласынан шығарыла бастайды,- деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Бүгін алғашқы отандық есту аппаратарының семинар-презентациясы өтті. Мұндай құрылғыларды шығарушы «AiSonic» ЖШС-нің өндіріс орны Ақтау қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызметі – есту аппараттарын шығару және құрастыру болып табылады. Жобаның негізгі инвесторы Германиялық "InterQuest" компаниясы.

«Айшық» есту аппараттарын 2023 жылдың бірінші жартысында шығару жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта өндіріске лицензия алынып, сынақ шығарылымына тіркеу құжаттары мен сараптамаларын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«AiSonic» компаниясының директоры Айна Тұмышеваның айтуынша, мұндай құрылғылның үш түрі болады және бағасы 30 мың тг-ден басталады. Аппаратарды тұрғындар жеке қаржысына сонымен қатар, мемлекеттік квота бойынша ала алады.

Облыс бойынша ағымдағы жылы жасақталған жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, негізгі есту аппараттарына 276 өтініш келіп түссе, оның 240-ы орындалды.

2021 жылдан бастап республикалық деңгейде, техникалық оңалту құралдарын тиімді компаниялардан тікелей сатып алуға, мүгедектігі бар адамдарға таңдау беру мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы ашылды. Сол портал арқылы өздері таңдаған құрылғыны сатып алуға мүмкіндігі бар.

 ⁃Порталға республика деңгейіндегі барлық техникалық-оңалту құралдарымен айналысатын тіркеу куәлігі бар компаниялар қатыса алады. Бірақ бүгінгі күні біздің өңірімізде, тіпті мемлекет деңгейінде инвесторлар келіп, есту қабілеті зақымдалған азаматтарға есту аппараттарын жасайтын компания ашылғалы отыр, - деді таныстырылмға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Жобаның мақсаты - қысқа мерзімде отандық нарыққа кез келген есту қабілетінің төмендеуі бар немесе есту қабілетінен айырылған адамдарға сапалы есту аппараттарын шығару.

#ҚКО #ЦОК