Ақтаулық дизайнер Түркияда топ жарды.

Ақтаулық дизайнер Түркияда топ жарды.

Ақтаулық жас дизайнер Асел Зиналиеваның туындылары 19-20 тамызда Түркияның Каппадокиясында өткен сән апталығында үздік атанды,-деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Түркия елінің көрікті жерлерінің бірі саналатын Каппадокияда өткен “AFWEU FASHION WEEK CAPPADOKIA -2022” сән апталығына барлығы 15-ке жуық мемлекеттен сәнгер келген. Қазақстанның атынан қатысқан бірнеше дизайнер өз туындыларын паш етіп, соның ішінде Ақтаулық сәнгердің коллекциясы үздіктер қатарында болды.

Қолынан шыққан әрбір туындысына баласындай ерекше ықыласпен қарайтын Асел Зиналиева бұл көрсетілімге үш апта дайындалған. Барлығы 7 топтамасын ұсынды.

"АЙБИКЕ – екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни, Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді. Коллекциямды осылай атадым. Нәзік жандыларға арналған ерекше көйлектер топтамасы. Мені халықтың кошеметі, сол жердің энергиясы, адамдардың шынайы эмоциясы шабыттандырды,"- дейді дизайнер.

Қазіргі кезде Asel Sagі сән үйі қыркүйек айында Орал каласында өтетін GS Production және қараша айында Ташкент қаласында өтетін сән апталықтарына шақырту алған. Сонымен қатар, жас дизайнер алдағы уакытта Париж, Лондон қалаларында білімін жетілдіріп, сән үйін кеңейтуді жоспарлауда.