«Абай » комьюнити орталығы ашылды.

«Абай » комьюнити орталығы ашылды.

Абай атындағы мәдени демалыс кешені жанынан құрылған «Абай» комьюнити-орталығы ашылды. Ашылуына салтанатына Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сара Тәңірбергенова және Маңғыстау облысы аймақтық мониторингілеу бөлімінің бас маманы Жақсыгүл Маханбетова арнайы лентасын қиып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі,-деп хабарлады облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігіне сілтеме жасап.

       Абай атындағы мәдени демалыс кешені жанынан құрылған «Абай» комьюнити-орталығы бүгіннен бастап өз жұмысын бастады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін әртүрлі форматтағы 15 шара ұйымдастырылмақ. Қала тұрғындары мен қонақтары барлық шарада белсене атсалысуына мүмкіндігі бар.

       «Абай» комьюнити-орталығы осы бөлмеде орналасқанмен шаралар Абай мәдени-демалыс кешені залында,ауласында және қаланың басқада нүктелерінде өтетін болады. Бұл орталыққа жас мөлшеріне қарамастан қаланың кез келген тұрғыны келіп, қалаған іс-шараларға қатыса алады»,- Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде айтты