Маңғыстауда Жастар күні қалай аталып өтеді.

Маңғыстауда Жастар күні қалай аталып өтеді.

12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай, бірнеше іс-шара өтеді деп хабарлайды, Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 тамыз күні 34 шағынаудандағы “Достық” үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Шара сағат 15:00-де Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының қатысуымен өтеді.

Ал, сағат 18:00-де теңіз жағалауында өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен «Бизнес-жәрмеңке» болады. Шара аясында 20-ға жуық кәсіпкер өз өнімін қолжетімді бағада халыққа ұсынады.

Сонымен қатар, ертең 11 тамыз күні сағат 13:00-де «Holiday Inn» қонақ үйінде «Маңғыстау облысы жастарының стратегиялық жоспарлау сессиясы» өтеді. Онда арнайы маман, ментор, ҮЕҰ саласының сарапшысы Бибігүл Шайхиева қатысушыларға «Стратегиялық менеджмент» тақырыбында интенсив курс өткізеді. Сондай-ақ, жастар арасындағы мәселелер мен қажеттіліктер талқыланып, жоспар жасақталады. Аталған шараға Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев қатысып, қатысушылардың жоспарымен танысады. Әрі қарай аймақ басшысы мен өңір жастарының еркін пікір алмасуы өтеді.

Үш күнге созылған мерекелік шараның нүктесі 12 тамыз күні Амфитеатр алаңында өтетін «Жиналайық» гала-концертімен қойылады. Концертке маңғыстаулық өнер жұлдыздары және елге танымал хедлайнерлер келіп, қала тұрғындарын қуантады.

#ҚКО #ЦОК