Теңіз жаяу әскерлері Маңғыстауда жауынгерлік атыстар өткізуде.

Теңіз жаяу әскерлері Маңғыстауда жауынгерлік атыстар өткізуде.

Теңіз жаяу әскерлері бригадасында миномет взводтарының тактикалық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оймаша" полигонында минометшілер командалық-бақылау пунктін ашып, атыс позицияларын орынады. Жалпы норматив 800-ден 4000 метрге дейінгі қашықтықта болды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-жеке құрамның практикалық дағдыларын арттыру, атыс құралдарын пайдалана отырып, міндеттерді уақтылы және дәл орындау, бөлімшелерді басқаруда командалық құрамның дағдыларын жетілдіру.

- Практикалық оқ-атулар әскери қызметшілерге тұрақты орналасу пункттерінде өткізілген теориялық және практикалық сабақтар кезінде алған барлық білімдерін дамытуға мүмкіндік береді. Олар әсіресе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін өте маңызды, олардың көбісі алғаш рет жауынгерлік атыс жасайды, - деді бригада командирінің орынбасары Берік Елеусізов.