Маңғыстауда соңғы екі аптада 371 адам КВИ-мен тіркелді.

Маңғыстауда соңғы екі аптада 371 адам КВИ-мен тіркелді.

Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева мәлімдеді.

Спикердің мәліметінше, 14–27 шілде аралығында короновирус инфекциясымен 306 науқас тіркелсе, 28 шілде – 8 тамыз аралығында көрсеткіш 371-ге жеткен.

- Аурудың ең жоғары үлес салмағы Ақтау қаласында – 62,0 % және Жаңаөзен қаласында – 25,0% байқалады. КВИ жұқтырғандардың басым көпшілігі - вакцина алмағандар екенін айтқым келеді. Сондықтан екпе алып, денсаулығымызды қорғайық,деді Гүлнар Көркінбаева.
     
      Сондай-ақ, брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева вакцинациялау бойынша ақпаратқа тоқталды.

Облысқа 707 680 доза вакцина осы уақытқа дейін жеткізілген. (Спутник В- 1 145 095, Спутник 2 – 145 095, Спутник Лайт – 2000, Казвак – 66 400, Хаят вак – 27 000, Коронавак – 20 000, Веросел Синофарм – 145 480, Пфайзер -156 610), оның 685 860 дозасы егілген.

Қазір қолданыста «Синовак вероселл», «CoronaVac», «Хаят вак» вакциналары бар.

- Өңір бойынша 2021 жылдың 3 ақпанынан 2022 жылдың 9 тамыз аралығында екпенің 1 компонентімен - 281 038 адам, 2 компонентімен - 273 687 адам қамтылды. Ал, ревакцинацияға жататын адамдар саны – 144 274, оның ішінде 105 118-і қайта егілді. Соңғы тәулікте 1 компонетпен – 128 адам, 2 компонентпен - 179 адам егілді, ревакцинациядан - 382, қайта ревакциянациядан – 161 адам өтті,-деді Ләззат Есенғалиева.

#ҚКО #ЦОК