Турнирге 2006-2011 ж.т. 156 ұл мен қыз қатысты. Олардың көпшілігі «Doma Doma» секциясында жаттығады, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы. Турнир 7«а» шағынауданында орналасқан «DOMA DOMA STREET COURT-та» өтті. ҚР баскетбол федерациясы Маңғыстау филиалының директоры Самсон Аракелянның айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау. -Баскетболмен айналыса отырып, балалар ерік күшін, шыдамдылықты, қиындықтарды жеңе білуді, командада жұмыс істей білуді жаттықтырады. Бұл оларға ересек өмірде жетістікке жетуге көмектеседі. Сондай-ақ, мұндай жарыстар «Каспий» кәсіби баскетбол клубының жаттықтырушыларына баскетбол бойынша облыс құрамасына шақыру үшін спорттағы ең дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді, - деді Самсон Аракелян. Турнир нәтижесі бойынша 2006-2008 ж. т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында «Black Team» командасы үздік атанды. Оның құрамында Еламан Нұрдәулетов, Мұхамедиар Каримулаев, Элдар Алиев және Ілияс Сексенбаев бар. Екінші орынды «Фантастикалық төрттік», Әлжан Қуатбай, Глеб Проценко, Тимофей Кузин, Шалқар Ағзам алды. Үшінші орынды Қанат Махсат, Жандарбек Наипов, Жандарбек Құрбанбай және Мадияр Мақижановтың «Цилантро» командасы иеленді. 2009-20011 ж. т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында бірінші орынды «Орлы» командасы иеленді. Команда құрамында Темірлан Мұхамбетов, Мурад Чивиев, Данил Филоненко, Ярослав Слободянюк бар. Манап Шайхымов, Диас Айтжан, Мейіржан Базарбай және Тахир Жұмажанның «Пираты» командасы күміс жүлдегерлер атанды. Ал үшінші орынды «Фантастика» командасындағы Никита Терещенко, Амир Тимуров және Рамазан Тимуров алды.