ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың қатысуымен өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәжіліс депутаттары Аманғали Бердалин, Еділ Жаңбыршин, Самат Мұсабаев және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен құрылған арнайы «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы секторындағы проблемалық мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу жөніндегі» жұмыс тобының мүшелері қатысты. Басқосуда өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенінің мәселелері қозғалды. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Қалдығұл саладағы кезек күттірмейтін мәселелер бойынша баяндама жасады.
Жалпы биыл өңірге жауын шашынның аз мөлшерде түсуінің салдарынан мал азығын дайындау қиынға соғып отыр. Бүгінде облыста шаруаларға қажетті жем-шөп қорын жасақтау үшін оны өзге облыстардан тасымалдау мақсатында келіссөздер жүргізілуде. Осыған орай қазынадан 117 млн.теңге қаржы бөлу туралы өтінім берілді.
Осыған орай өзге аймақтан әкелінетін жем-шөпті тасымалдауға кеткен транспорттық және өзге де қызметтік шығындар көлемін жергілікті бюджет есебінен субсидиялау мәселесі қарастырылып жатқанын атып өттіп, кейбір мәселелеріне тоқталды.
1. «Жайылымдық алқаптарды суландыру үшін аридттік аймақтарда құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынын 50%-ға дейін субсидиялау» мөлшерін 80%-ға дейін өсіруді, егер мүмкін болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен қосымша 30% төленуін; «аридтік аймақтар үшін қазылған құдықтың тереңдігі 375 метрден аспайды» деп көрсетілген талапты өзгеріссіз қалдыруды; бір құдықты суландыру көлемі 2000 гектарға дейіңгі жайылымды құрауы қажет» деген тармақтағы алқап көлемін 2000-нан 500 гектарға дейін төмендетуді; қолданыстағы қағидаға қазылған құдықтардың насостарына пайдаланылатын энергия көзі-күн сәулесін тарту панелінің құнын субсидиялау тармағын қайта енгізуді; Өзге облыстардан әкелінетін жем-шөп тасымалының шығындарын (КТЖ арқылы) субсидиялауды; Облысымыздың мал шаруашылығына қажетті мал азығы болатын жемді үнемі, тұрақты бір бағамен алып отыру үшін «Продкорпорация» АҚ-ы арқылы элеваторларын облысымызға бекітілуін қарастыруды айтты.

Басқарма басшысының айтуынша қазіргі таңда облыста жалпы көлемі 1000-1200 гектарға көкөніс, бақша дақылдары өсіріледі. Шаруа қожалықтарының 90% нан көбі дерлік жер асты суларын құдық/ұңғыма құрылғысы мен генератор аппаратын пайдалану арқылы тартып қолдануда. Сондықтан осы құрылғыларға қажет тоқ көзі мен дизель сұйықтығына кеткен шығындарын субсидиялау керектігін айтады.
Облыс әкімі С.Трұмов ҚР Мәжіліс депутаттарына ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы статистикалық мәлімет беріп, аталған мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін бірлесе жұмыс істейтіндерін жеткізді.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша барлық ұсыныс жинақталып, хаттама толтырылады. Өңірдегі құрғақшылық мәселесін шешу мақсатында тез арада шұғыл шешім қабылдау үшін аталған хаттама үкіметке жолданатын болды,-деді жұмыс тобының өкілдері.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі