Қарақиялық мұғалім ағаштан түрлі бұйым жасайды

Қарақиялық мұғалім ағаштан түрлі бұйым жасайды

Жетібай ауылы №8 мектебінің технология пәнінің мұғалімі Айболат Бабаназаров ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайды. Бұл туралы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алма Мұханова мәлім етті.

Айболат Бабаназаров ағаштан бұйым жасаумен бала кезінен айналысып бастады. Айболат Бабаназаров бала кезінен бұйым жасайды. 2002 жылдан бері ауыл тұрғындарының тапсырысымен үй жиғаздарын жасап жүр.

«2015 жылы мектепке технология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқаннан кейін ағаштан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алдым. Қазіргі таңда өнердің осы түріне шәкірттерімді де үйретіп жүрмін», - деді Айболат Бабаназаров.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алма Мұханованың айтуынша, Айболат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы», «Үлгілі педагог» сайыстарына оқушылар апарып, жүлделі орындарға ие болды.

«Айболат - өзінің қолынан келетін өнерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын азамат. Оның шәкірті Ерсайын Бауыржан іске жарамсыз болып қалған қабырға сағатын өңдеп, домбыра нақышында және пластикалық қалдықтардан зымыран мүсінін жасады. Айболат теория мен практикалық дәрістерді ұштастыра біледі», - деді Алма Мұқанова.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ