Маңғыстау облысы бойынша экқ кілтін алатын 243 нүкте бар

Маңғыстау облысы бойынша экқ кілтін алатын 243 нүкте бар

Жыл басынан бері өңір бойынша тұрғындарға 45 мың ЭЦҚ берілді. Бүгінде оны Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиал директоры Ербол Байжігіт мәлім етті.

«Қазіргі күні ЭЦҚ алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ, тіпті кезек күтудің маңызы да шамалы. Бұл орайда еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеп тұр. Яғни, кез-келген азамат ХҚКО ғимаратында өз бетінше кезек брондаусыз қажет қызметін ала алады. Нақтырақ айтсақ әкімдік, мектеп, балабақша секілді мемлекеттік мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары іске қосылған»,-деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ" АҚ МОФ директоры Ербол Байжігіт.

Айта кетейік, бүігнде облыс бойынша 250-ге жуық өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар. Биылғы жылы қосымша 11 және 19 шағынауданда тағы екі нүкте іске қосылды.

Елімізде 2008 жылы көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатын электронды цифрлық қолтаңба енгізілді. Артықшылығы –кез келген өңір тұрғыны электронды мемлекеттік қызметтерді қолтаңба арқылы өзіне ыңғайлы уақытта өтініш беру мүмкіндігі бар.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ