Ақтауда «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда №34 жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» атты тазалық іс- шарасы өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылын таза әрі жайлы ортада қарсы алуға жағдай жасау, мектеп аумақтарының тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.

Мектеп директоры Рысжан Кемелханованың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік – мектеп аумағын ретке келтіріп қана қоймай, оқушылар мен ұжым мүшелерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

-Мұндай іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын көрсетіп, туған жерге деген жауапкершілік пен жанашырлықты арттыруды көздейміз. Жаңа оқу жылын таза әрі көрікті ортада қарсы алу – баршамызға ортақ міндет, - деді Рысжан Кемелханова.