2027 жылы Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты іске қосылады

2027 жылы Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты іске қосылады

2027 жылы Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады otpannews.kz. 

«2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын ГӨЗ, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын ГӨЗ іске қосу көзделген. Осы жобаларды жүзеге асыру газды қайта өңдеуді ұлғайтуға, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, басым міндеттердің бірі - инфрақұрылымдық нысандарды уақытылы іске қосу. 2025 жылдың қазан айында «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді. Бұдан басқа, осы жылдың соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісіне қарасты желілік бөлігінің бірінші кезеңін, ал 2029 жылы оның екінші кезеңін аяқтау жоспарлануда, бұл тауарлық газдың қуатын жылына 15 млрд текше метрге дейін арттырады.