Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында өңірдің дамуындағы маңызды мәселелер қаралды

Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында өңірдің дамуындағы маңызды мәселелер қаралды

Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында өңірдің дамуындағы маңызды мәселелер қаралды

Бүгін, 29 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессия барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар стратегиялық маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалып, Маңғыстау облысының тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы, 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылу барысы, сондай-ақ кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті мақұлдады. Сонымен қатар қалалық ортаның сапасын арттыруға және көпқабатты тұрғын үйлерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бекітілді. Өңірдің туристік әлеуетін дамытуға қатысты шешімдер қолдау тауып, бірқатар облыстық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия қорытындысында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай депутаттық корпус пен атқарушы биліктің тиімді өзара іс-қимылы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындаудың және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты негізі екенін атап өтті.

– Бүгін қабылданған барлық шешімдер халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экономиканы дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және Маңғыстау облысының туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Бірлескен әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде ғана өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, барлық жоспарланған жобаларды уақытылы жүзеге асыра аламыз, – деді өңір басшысы.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер депутаттардың қолдауына ие болып, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі