Ақтаулық оқушылар әлемдік олимпиадада күміс жүлдегер атанды

Ақтаулық оқушылар әлемдік олимпиадада күміс жүлдегер атанды

Түркияның Анталья қаласында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында математикадан FEMO International халықаралық олимпиадасы өтті. Әлемнің 19 елінен келген оқушылар қатысқан жарыста ақтаулық жеткіншектер ел намысын абыроймен қорғап жүлделі орындардан көрінді.
Биылғы беделді зияткерлік сайысқа әлемнің 19-дан астам елінен 500-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Әзірбайжан, Армения, БАӘ, Австрия және Малайзия мемлекеттерінің жас математиктері болды.
Әлемдік додада Ақтау қаласындағы №13 гимназияның оқушылары жүлдеді 2-орынды жеңді. Өнер Базарбаева мен Марина Шалабаева жетекшілік еткен 4 сынып оқушысы Заңғар Мұқан үздік нәтиже көрсетті. Ал 6 сынып оқушысы Айтқазы Мұханалы Жадыра Хажымұханованың дайындауымен 2-орын иеленді.