«Таза Қазақстан»: Мұнайлы ауданында студенттер қалдықтарды басқару жүйесімен танысты

«Таза Қазақстан»: Мұнайлы ауданында студенттер қалдықтарды басқару жүйесімен танысты

Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында Есенов университетінің «Эколог» мамандығында білім алып жатқан студенттеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттер полигонның жұмыс істеу жүйесімен, қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, орналастыру, сұрыптау және басқару процестерімен танысты. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік талаптары, қоршаған ортаға келетін әсерді азайту жолдары және қалдықтарды тиімді басқарудың заманауи тәсілдері түсіндірілді.

Бүгінде тұрмыстық қалдықтар мәселесі — әлемдік деңгейдегі өзекті экологиялық проблемалардың бірі. Қалдықтарды дұрыс басқару тек қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, адам денсаулығы мен болашақ ұрпақтың өмір сапасына да тікелей әсер етеді. Осы бағыттағы тәжірибелік экскурсиялар студенттердің кәсіби білімін жетілдіріп, экологиялық жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Экскурсия аясында «Инжиниринг» факультетінің профессоры Самал Сырлыбекқызы өзекті экологиялық мәселелер бойынша пікір білдіріп, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, қайта өңдеу саласын дамыту және қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.

Мен эколог ретінде табиғатты қорғау — тек мамандардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін айтқым келеді. Әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастырса, экологиялық жағдайды жақсартуға үлкен үлес қоса алады.

Таза қоршаған орта — болашаққа жасалған инвестиция. Табиғатты аялау — келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.

#ТазаҚазақстан
#ТазаМаңғыстау
#ТазаҚазақстан, #ТазаОрта