Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті

Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті

Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті

Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі этносаралық татулықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту, көпұлтты қоғамның бірлігі мен достығын дәріптеу. Мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, ерекше көңіл-күй мен жарқын әсер алды.

Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, түрлі этностардың ұлттық билері ұсынылды. Қазақ, өзбек, түрік, әзербайжан, неміс, үнді және басқа да халықтардың мәдениетін танытатын жарқын қойылымдар көрермендерге ұсынылды. Сонымен қатар, жергілікті өнер ұжымдары мен талантты орындаушылардың қатысуымен заманауи және дәстүрлі жанрдағы шығармалар орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік бағдарлама Қазақстан халқының бірлігі мен достығының символына айналып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.