Нұрдәулет Қилыбай Chevron компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Нұрдәулет Қилыбай Chevron компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Нұрдәулет Қилыбай Chevron компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Бүгін, 28 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Chevron Direct Investment Fund Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде қордың қызметі мен батыс өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуге қордың реинвестициялық жобалар жөніндегі менеджері Дорффельд Джон Уиллям бастаған делегация қатысты.

Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, көлік-логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі, сирек металдар өндіру және агроөнеркәсіп салалары негізгі даму бағыттары екенін атап өтті.

– Біз «Chevron» компаниясының тікелей инвестициялар қорымен әріптестікті өңір үшін маңызды мүмкіндік деп санаймыз. Облыс әкімдігі өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Өз кезегінде Дорффельд Джон Уиллям Маңғыстау өңірінің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, бірлескен жобаларды қарастыруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар «Chevron» тікелей инвестициялар қоры әртүрлі салаларға инвестиция салатыны айтылды. Атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы тауарлар мен қызметтер өндірісі, қоршаған ортаны қорғау жобалары, ақпараттық және цифрлық технологиялар, сондай-ақ өзге де перспективалы индустриялар қамтылады.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі