
Маңғыстауда «Ауыл» партиясының «Партия қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбында өңірлік семинары өтті
Бүгін, 23 сәуір күні Маңғыстау облысында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың қатысуымен партия активінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жиын барысында «Партия қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Кездесу кезінде партияның ішкі саяси жұмыстары сараланып, өңірлік филиал қызметін жетілдіру, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ аудандық және облыстық деңгейдегі жұмысты күшейту бағыттары қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев кездесудің маңыздылығына тоқталды.
-Бүгін біз «Ауыл» партиясының әріптестерімен кездесіп, партияның ішкі саяси жұмыстары мен өңірлік филиалдың қызметін жан-жақты сараладық. Алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттарын айқындап, бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру, аудандық және облыстық деңгейдегі жұмысты жандандыру мәселелерін талқыладық. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты ретінде соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар бойынша сайлаушыларға есеп бердім. Қабылданған заңдар, өткен пленарлық отырыстар мен жұмыс топтарының қызметі туралы мәлімет ұсынып, 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Конституция жөнінде ақпаратпен бөлістім, – деді Жигули Дайрабаев.
Сондай-ақ жиын аясында спикерлер «Электоралдық кезеңнің заңнамалық аспектілері», «Сайлау процесін ұйымдастыру», «Сайлау науқанының медиа-стратегиясы және заңдық негіздері» атты тақырыптық баяндамалар ұсынылды.
Кездесу соңында Қуанышбай Озғамбаев Маңғыстау облыстық өңірлік филиалының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.