Ақтаулық NIS оқушыларының жобалары Ciena Solutions Challenge байқауында жеңімпаз атанды

Ақтаулық NIS оқушыларының жобалары Ciena Solutions Challenge байқауында жеңімпаз атанды

Ақтаулық NIS оқушыларының жобалары Ciena Solutions Challenge байқауында жеңімпаз атанды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Мерей Нұрғазы мен Зуриад Батырбектің «Nomad VISIT» жобасы және 11-сынып оқушылары Аружан Қазыева, Асия Ғұмарқызы, Айару Ағайдардың «MediFLY» жобасы АҚШ-тың «Ciena Solutions Challenge» байқауында 750$ көлемінде қаржылай қолдау алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Ciena Solutions Challenge» - 2021 жылы Ciena және Digital Promise ұйымдарының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан байқау. Осы күнге дейін 103 елден 1200-ге жуық педагог пен оқушылар нақты проблемаларды анықтау және шешу жолдарын ұсынып келеді. Басты талап – өзекті проблемаларға БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сай шешімдер ұсыну. Биылғы сайысқа әлемнің 23 елінен 62 команда қатысқан. - Біздің оқушыларымыз идеяларының жәй ғана жоба емес, шынайы қолданысқа енгізілгенін қалайды. Сол үшін зияткерлер түрлі байқауларға қатысып, қаржылық қолдау іздейді. Осы сайысқа ақпан айында оқушыларымыз онлайн қатысып, өтінім жіберген еді, - дейді Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, «MediFLY» жобасының жетекшісі Ислам Жомартұлы. «Nomad VISIT» жобасы – туристерге сұраныстары бойынша қажетті ақпаратты тауып беруге арналған қосымша. Әзірге қосымшада тек Қазақстан туралы мәліметтер жинақталған. Жоба үш тілде жұмыс істейді. «MediFLY» жобасы – жасанды интеллект көмегімен квадрокоптер арқылы медициналық көмек көрсетуге арналған. Жоба жедел жәрдем көрсету қызметіндегі III және IV категориялық қоңырауларға ақпараттық тұрғыда көмек көрсетеді. - Біз жобамызды әрі қарай дамытып, қажетті жабдықтарға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жобамыздың қаржылық моделін дұрыс шығару үшін бізге сарапшының көмегі керек, - дейді«MediFLY» жобасының мүшесі Аружан Қазыева.