Маңғыстаулық оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Маңғыстаулық оқушылар Астана қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық шара Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Гонконг (ҚХР АӘА) және Түркиядан келген 200-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Аталған конкурс нәтижесінде маңғыстаулық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп ІІ және ІІІ орын иеленді. AEROO Space AI Competition (жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу) санаты бойынша ІІ орын Сарқытбай Джамиль - Ақтау қаласы «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы; -Өтемұрат Аянат - Ақтау қаласы «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы; -Балғабаева Жазира - Ақтау қаласы,«Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы; -Алпысбайқызы Кәусар - Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысына бұйырды. AEROO Space AI Competition (жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу) санаты бойынша ІІІ орынды Өтелген Айкөркем - Маңғыстау ауданы Жармыш жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы; -Ботабай Аида - Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы; -Таңатарова Аякөз - Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы алды. «Күн жүйесі» AEROO Rocket Science Competition (су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру) санаты бойынша ІІІ орынды Иса Аян - Ақтау қаласы, №14 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы; -Кеңес Алдияр - Ақтау қаласы, №14 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы. Жанұзақ Азиз - Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы; Ізбасқан Бағдәулет - Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы алды.