Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды

Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстан Жазушылар Одағының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, ақын Анар Шамшадинова халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

Марапатты Алматыда өткен «Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі» тақырыбындағы жиында Қазақстан жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов табыстады. Бұл марапат ақынға «Сен келерсің бір күні…» жыр жинағы үшін берілген.

-«Сен келерсің бір күні…» жыр жинағы - менің алтыншы кітабым. Бұл жинақ 2024 жылы жарық көрген. Кітапқа таңдаулы туындылар жинақталған. Еңбекті бағалаған Қазақстан жазушылар одағына алғысымды білдіремін, - деді Анар Шамшадинова.