
Маңғыстаулық оқушылар баскетболдан республикалық жарыста жүлде алды
Маңғыстаулық оқушылар Астана қаласында өткен ұлттық мектеп лигасы баскетболдан «Алтын доп» қыздар арасындағы республикалық жарыста жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа республика бойынша 15 командадан 180-ге жуық оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының, Ақтау қаласы №7 Н. Марабаев атындағы мектеп-лицейі командасы жүлделі ІІ-орын иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер болған командалар диплом, грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.