
Маңғыстаулық жас өнерпаздар халықаралық фестивальде жоғары нәтижелерге қол жеткізді
Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырысы аясында «Шабыт» өнер-білім академиясының шәкірттері «Harmony of Arts by LKS – 2026» халықаралық фестиваліне қатысып, жоғары жетістіктерге жетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған байқауға жеті мемлекеттен келген өнерпаздар қатысты. Халықаралық деңгейдегі додада манғыстаулық жас таланттар ұлттық өнерді жоғары деңгейде таныстырып, жүлделі орындарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша академияның төрт қатысушысы — Бас жүлдені, сегіз қатысушы — І орынды, тоғыз қатысушы — ІІ орынды, бес қатысушы — ІІІ орынды иеленді.
Қол жеткізілген нәтижелер шәкірттердің табанды еңбегі. Сонымен қатар, бұл жетістік өңірдегі шығармашылық білім беру саласының жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.