Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда салынып жатқан автовокзал құрылысымен танысты

Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда салынып жатқан автовокзал құрылысымен танысты

Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда салынып жатқан автовокзал құрылысымен танысты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 36 шағынауданында салынып жатқан автовокзал мен коммуналдық базар нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Жауапты мамандар өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу кезеңдері туралы баяндады. Жоба «Актау Авто Склад» ЖШС тарапынан жеке инвестиция есебінен іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге, толық аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Қазіргі таңда жобаның бірінші кезеңі – автовокзал құрылысы жүргізілуде. Жертөле толық аяқталып, бірінші қабат бағандары орнатылған, жалпы орындалу деңгейі 30 пайызды құрайды. Ал екінші кезең – коммуналдық базар құрылысы бойынша жобалық құжаттама әзірленіп, рұқсаттар алынған, құрылыс алаңы дайындалуда. Базардың жалпы сауда алаңы 1700 шаршы метрді құрайды. Нысанда сауда павильондары, санитарлық тораптар, қоймалар мен автотұрақ қарастырылған.

Облыс әкімі жоба өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, инвестор тарапына заң аясында қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар бұл бастама қала инфрақұрылымын дамытуға және кәсіпкерліктің өркендеуіне оң әсер ететінін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі