Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін 12 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар медициналық қызмет алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегіне тіркелу тәртібі, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шараларына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Өңір басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заңнама аясында қарастыру үшін жауапты басқарма басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі