
Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті
Бүгін, 10 наурыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу, Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау, сайлау комиссияларының құрамына және бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар талқыланды. Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған мәселелерді қолдап, тиісті шешімдер қабылдады. Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қабылданған шешімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару тиімділігін арттыруға және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мәслихат депутаттарына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі