Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Сіздерді 27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2010 жылы Балтық теңізі ҮЕҰ форумы бастамасымен жарияланып, 2014 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан ресми танылған бұл атаулы күн – азаматтық қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұйымдардың еңбегін бағалауға арналған маңызды мереке.

Үкіметтік емес ұйымдар – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір, әлеуметтік бастамалардың қозғаушы күші, қайырымдылық пен еріктіліктің жаршысы. Сіздердің кәсібилік пен жауапкершілікке негізделген қызметтеріңіз қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.

Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде әлеуметтік осал топтарды қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау салаларында әлеуметтік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.Мұндай жобалардың ерекшелігі – олардың ауқымдылығы мен стратегиялық маңызы. Әлеуметтік жобалар басты міндеттерді шешуге бағдарланған.

Осы айтулы күні ел мен қоғам алдындағы абырой-беделдеріңіздің арта беруіне тілектестік білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс, жаңа жобалар мен бастамаларға сәттілік тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, қоғам тарапынан жоғары бағалана берсін!

Құрметпен,
Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы
Гүлмира Балғожаева.