Таушықтағы шахта: Маңғыстаудың мұнайға дейінгі өндірістік шежіресі

Таушықтағы шахта: Маңғыстаудың мұнайға дейінгі өндірістік шежіресі

Таушықтағы шахта: Маңғыстаудың мұнайға дейінгі өндірістік шежіресі.


Маңғыстау тарихының ең маңызды нүктелерінің бірі - Таушық шахталарының орны. Шахта орнынан түсірілген видеоны өлкетанушы Кенжебек Сержанұлы бөлісті.

Кезінде мұнда теміржол тартылып, тіршілік қайнап жатқан. Соғыс уақытында КСРО-ның орталық аймақтарынан отын жеткізу қиындаған соң, Каспий флоты мен жергілікті өндірісті отынмен қамтамасыз ету үшін Таушық көмірі стратегиялық маңызға ие болды. Шахтада жергілікті тұрғындармен қатар, репрессияға ұшырағандар мен соғыс тұтқындары да еңбек еткен.

Бұл жерден негізінен қоңыр көмір өндірілді. Оның жылу бергіштігі жоғары болғанымен, құрамында күл мен күкірт көп болды. Сондықтан ол уақыт өте келе басқа көмірлерімен бәсекелесе алмады.

Ал соғыстан кейін 1950-жылдардың ортасында Маңғыстауда мұнай мен газдың мол қоры табыла бастады.

Мұнай мен газ өндіру көмір қазуға қарағанда әлдеқайда тиімді және арзан болды. Осыған байланысты Таушықтағы шахталар тиімсіз деп танылып, 1960-жылдары толықтай жабылды.

Бүгінде Таушық маңындағы ескі шахталардың орындары, үйінділері (террикондар) мен кейбір кіреберіс жолдарының қалдықтары сақталған. Ол жерлер өлкетанушылар мен туристер үшін тарихи нысан ретінде қызықты.