
Астана қаласында өткен «Art Baiterek» республикалық би байқауында Маңғыстау облысы, Оңды ауылының өнерпаздары үздік атанды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды ұжымдар арасында жерлестеріміз жоғары кәсіби деңгей көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Байқау қорытындысы бойынша «Әсемай» би ансамблі сахналық шеберлігі мен ерекше қойылымы үшін қазылар алқасының жоғары бағасын алып, І орынға табан тіреді. Ал «Алтынай» би ансамблі өзіндік стилімен көрермен ілтипатына бөленіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
“Бұл жеңіс – жас бишілердің қажырлы дайындығы мен ансамбль жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі. Байқауға қатысушылар тек өз ауылдарының ғана емес, бүкіл Маңғыстау өңірінің мәдениеті мен өнерін республикалық деңгейде лайықты таныта білді. Мұндай жетістіктер өңірдегі балалар шығармашылығының қарқынды дамып келе жатқанын және ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді»,- дейді сала мамандары.