Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, білім бәйгесіне Маңғыстау облысынан 15 жас зерттеушілер қатысып, І орынды 1 оқушы, ІІ орынды 7 оқушы, ІІІ орынды 3 оқушы иеленді. Ерекше жетістігі үшін 4 оқушы грамотамен марапатталды.

І орын иегері:
- Оңғарбай Мадияр - Жаңаөзен қаласы, Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);

ІІ орын иегерлері:
- Бөлешбек Зере - Ақтау қаласы, “IQ Intellectual school” жекеменшік мектептің 5-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);
- Панабай Қосай - Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
- Мертаев Нұрали - «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);
- Ақмырза Ахмедияр - Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
- Нұрлан Дінмұхамед - Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 2-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
- Қовлан Айдос - Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
- Бисенбай Естай - Қарақия ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы).

ІІІ орын иегерлері:
- Алдоңғор Томирис - Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
- Танатарова Райиана - Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
- Бақтыбай Жансезім - Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).

Ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталғандар:
- Эсенқұли Айдын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы);
- Асырбек Ясин - Түпқараған ауданы, Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);
- Қалдыбай Нұрбол - Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы);
- Есен Айтжан - Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).

Айта кету қажет, 2025 жылы республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Маңғыстау облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, І орын - 4 оқушы, ІІ орын -7 оқушы, ІІІ орын - 1 оқушыны иеленген болатын. Бұл көрсеткіш өңірімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі дайындықтың қалыптасқанын айғақтайды.