Маңғыстау облысына келетін туристер саны артқан

Маңғыстау облысына келетін туристер саны артқан

Маңғыстау облысына келетін туристер саны артқан

Бүгін 27 қаңтарда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына келетін туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын хабарлады. Деректер бойынша 2025 жылы өңірге 500 мыңнан астам турист келді, көрсетілген қызметтер көлемі 17 млрд теңгеден асты, өсім 13%-ға артты. Мемлекет басшысының халықаралық әуе қатынасын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылы Ақтау – Дубай және Ақтау – Нүкіс 2 халықаралық рейсі іске қосылды. Бүгінгі таңда Ақтау қаласының әуежайы 16 халықаралық бағыт бойынша жұмыс істейді. Әкімдіктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде 10% көлемінде жалпы сомасы 269,5 млн теңгеге 2 жоба субсидияланған. 2025 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба аяқталды, 110 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ Ақтау қаласының Бас жоспарын өзектендіру жұмыстары аяқталды.