Ақтау қалалық полиция басқармасы бір жылдық жұмысын қорытындылады

Ақтау қалалық полиция басқармасы бір жылдық жұмысын қорытындылады

Ақтау қалалық полиция басқармасы бір жылдық жұмысын қорытындылады

Ақтау қаласының полиция басқармасында есепті кезеңдегі жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиынға Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Сағындық Аяғанов қатысып, өңір орталығындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жағдайына талдау жасады. Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес барысында департамент басшысы қаладағы жедел ахуалға баға беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы негізгі басымдықтарды айқындады. Сондай-ақ, полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына нақты міндеттер жүктеді. Есепті кезең нәтижесіне сәйкес, Ақтау қаласында қылмыс деңгейі 13,3 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш жүйелі профилактикалық шаралар мен жедел жағдайға тұрақты бақылау жүргізудің тиімділігін көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін 2 535 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 307 сауда нысанының иелері жауапкершілікке тартылып, заңсыз сатылымнан 4 007 алкоголь өнімі тәркіленді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 3 962 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында қаладағы адам көп шоғырланатын орындарға 13 «SOS» жедел шақыру түймесі орнатылып, патрульдік жұмыс күшейтілді. Бұдан бөлек, 123 спорттық және 89 мерекелік іс-шара кезінде қоғамдық тәртіп толық қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да өңірдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтіледі.