Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды

Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды

Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды

Маңғыстаулық педагогтар Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына қатысып, жүлделі орын алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған байқауға өңірден 11 мұғалім қатысып, 3 мұғалім жүлделі орынға және 5 мұғалім кәсіби шеберлік көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.

«Шеберлік палитрисы» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломы Түпқараған ауданындағы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілектес Көшербайға табысталды.

«Қоғамдық цикл» бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом Ақтау қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназия музыка пәні мұғалімі Назира Тұржановаға берілді.

Ал «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломына«Білім-инновация» лицей – интернатының педагог-психологы Достыгүл Нурсолтанова ие болды.

Кәсіби шеберлік көрсеткені үшін грамотамен марапатталғандар:
- Гүлден Иманғалиева - Ақтау қаласының Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің директоры;
- ⁠ Ақмаржан Рубилова - «Білім-инновация» лицей – интернатының тарих пәні мұғалімі;
- ⁠ Қанат Көздібай - Қарақия ауданы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі;
- Гүлсім Надирова - ⁠Ақтау қаласы «Жас қанат» мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі;
- Бексұлтан Майрамов - Ақтау қаласы №33 жалпы білім беретін мектебінің директоры.