Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесті

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесті

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесті

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Энергетика министрлігі, Халықаралық машина жасау орталығының басшылығы қатысты. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты отандық тауар өндірушілердің өзекті мәселелерін көтеріп, олардың пайда болу себептері мен салдарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, 2025 жылы қабылданған отандық тауар өндірушілер реестрінің жұмыс істеу тетіктеріне және ірі мұнай-газ операторларының импортты оқшаулау (локализация) бағытында атқарып жатқан іс-шараларына тоқталды. Сонымен қатар, депутат шикізат пайдалану, аренда төлемі, реестрге тіркелу, онлайн платформаға құжаттарды жүктеу, халықаралық сертификат алу сынды кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелерді атап өтіп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, отандық өндірісті қолдау – зауыттардың тоқтап қалуына жол бермей, жұмыс орындарын сақтаудың басты кепілі.