Ақтауда Сенат депутаттары өңір дамуына қатысты ұсыныстарды талқылады

Ақтауда Сенат депутаттары өңір дамуына қатысты ұсыныстарды талқылады

Ақтауда Сенат депутаттары өңір дамуына қатысты ұсыныстарды талқылады

Маңғыстауда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров өңірлік және қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Кездесуге Маңғыстау облысының мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, қоғамдық кеңес мүшелері, Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарының депутаттары, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жиын барысында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымдық жобалар және заңнамадағы өзгерістердің өңірге ықпалы сөз болды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, бұл басқосу облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу, тұрғындармен кездесу және барлық деңгейдегі мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған. -Бүгінгі кездесуде біз қоғам үшін маңызды деген мәселелерді жан-жақты талқыладық. Түрлі сұрақтар көтерілді. Әсіресе салық, бюджет және құрылыс саласындағы заңнамаға қатысты тақырыптар қозғалды. Бұл мәселелердің бәрі алдағы уақытта заң жүзінде шешілуі қажет. Ол үшін қоғам белсенділерімен, мәслихат депутаттарымен бірлесе жұмыс істейміз, – деді Бекбол Орынбасаров. Жиын барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта жинақталып, заңнамалық тұрғыда пысықталып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.