
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай сенаторлармен кездесті
Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев және Бекбол Орынбасаровпен кездесті. Кездесу барысында сенаторларға өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттар таныстырылды. Сондай-ақ Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Өз кезегінде облыс әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, Сенат депутаттарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар өңірді дамыту жолында көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын білдіріп, сенаторлардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі