Мұнайлыда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Мұнайлыда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Мұнайлыда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Мұнайлыда аудан әкімінің төрағалығымен аудан бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста Мұнайлы ауданы аумағында ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру мәселелері қаралды. Бұл бағытта Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Мадияр Құрынбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ Мұнайлы ауданы бойынша Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі талқыланды. Аталған тақырып бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Нұргүл Мұқатай баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.