Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына жұмыс сапары барысында 100-ге жуық тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде тұрғындар негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй, әлеуметтік қамту, білім беру және балабақша мәселелері, денсаулық сақтау, жол жөндеу, жер мәселесі, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, еңбек дауы, сондай-ақ сот процесіне, алаяқтық фактісіне және балалар алаңына қатысты жекелеген өтініштерді көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті облыстық басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берілді. Аймақ басшысы барлық мәселе заң аясында қаралып, әр шағым жеке бақылауда болатынын атап өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі