
«Жетібай - Жаңаөзен - Түрікменстан» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары басталды
Маңғыстауда «Жетібай - Жаңаөзен - Түрікменстан» бағытындағы автомобиль жолының Темірбаба өткеліндегі аймақта күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының мәліметінше, қазіргі уақытта жобалау құжаттары әзірленіп, айналма жолының 11 км құрылысы аяқталды. Сондай-ақ негізгі жолда жер жұмыстары - 7 км, геотекстиль төсеу - 4 км, қиыршықтас пен құм қоспасын төсеу - 4 км көлемінде орындалды. Мамандардың айтуынша, бұл жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол қозғалысының қауіпсіздігі мен сапасы айтарлықтай артып, өңірдің көлік инфрақұрылымы жақсарады. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары 2025–2027 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.