
Ақтауда қоғамдық көліктерде экологиялық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ақтауда 6–15 қараша аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық көліктерде «Таза Қазақстан – тазалық өзімізден басталады» атты экологиялық түсіндіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды табиғатты қорғауға, тұрмыстық әдеттерді қалыптастыруға баулу және айналаға жанашырлықпен қарауға шақыру
- Бұл жоба тұрғындармен экологиялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы тиіс. Біз әр азаматты жай ғана тыңдап қоймай, әрекетке көшуге шақырамыз. Сондай ақ, өңірімізде «Таза Маңғыстау» 45 күндік челленджі өтіп жатыр, - деді «ЭкоМаңғыстау» қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Жеңіс Енболатұлы.