Маңғыстаулық этномедиаторлар Бакуде тәжірибе алмасты

Маңғыстаулық этномедиаторлар Бакуде тәжірибе алмасты

Маңғыстаулық этномедиаторлар Бакуде тәжірибе алмасты

Маңғыстау облысынан арнайы делегация этномедиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Әзербайжан Республикасының астанасы - Баку қаласына іссапармен барды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс сапарының басты мақсаты - этномедиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, түркі халықтары арасындағы мәдени және рухани байланысты арттыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқылы аймақтардағы келісім мен татулықты одан әрі нығайту. Делегация құрамында еліміздің әр өңірінен және Маңғыстау облысынан этномедиаторлар бар. Іскерлік сапар барысында қатысушылар Баку қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, этномедиация тәжірибесін талқылап, түркі елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды. Сапардың алғашқы күні делегация мүшелері Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісімен кездесті. Әңгіме барысында екі ел арасындағы достық байланыстар мен мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы сөз болды. Елші қазақстандық тараптың этномедиация саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, өзара серіктестікті жалғастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ кездесуде Бекет атаның 275 жылдығына орай көрші мемлекеттегі елшілікке Маңғыстау облысы атынан Пір атаның тау жотасындағы мешіті бейнеленген картина табысталды.