Сайын Шапағатов елді мекенінде 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

Сайын Шапағатов елді мекенінде 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

Сайын Шапағатов елді мекенінде 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов елді мекенінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай 1200 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталған. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, аудан әкімі Ержан Күмісқалиев, ардагерлер мен депутаттар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

-Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы - үміт пен сенімге толы ерекше кезең. Бұл күн шәкірт жүрегінде ұмытылмас естелік қалдырып, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырады. Жаңа оқу жылында Сайын Шапағатов ауылында 1200 орындық заман талабына сай жаңа мектеп пайдалануға беріліп отыр. Ұстаздардың өлшеусіз еңбегі мен жас ұрпаққа берген тәрбиесі үшін алғыс айтамын. Жаңа оқу жылы толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге толы болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, табысты жаңа оқу жылын тілеймін, - деді Аббат Өрісбаев.

Айта кету керек, мектеп құрылысы «Bozachi Operating» компаниясының қаржылық демеушілігімен салынды.

Лента қию құрметі «Bozachi Operating» компаниясы коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары, «Sinopec International» компаниясының өкілі Люй Биньге, «Bozachi Operating» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы У ЦзиньЧэн-ге, Түпқараған ауданының құрметті азаматы Сайын Шапағатов ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы Сәуірбай Көптілеуовке берілді.

Одан бөлек, Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында қосымша корпус іске қосылып, ауданда үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешімін тапты.
 
Жаңа оқу жылында Түпқараған ауданы бойынша 9753 оқушы білім алады. Оның ішінде 919 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.