Маңғыстауда урбанистикалық тәжірибенің өзекті бағыттары талқыланды

Маңғыстауда урбанистикалық тәжірибенің өзекті бағыттары талқыланды

Маңғыстауда урбанистикалық тәжірибенің өзекті бағыттары талқыланды

Маңғыстауда елорданың урбанистика саласындағы озық тәжірибесін өңірлерге енгізу мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Семинарда алғы сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов урбанистиканы дамытудағы өзекті бағыттарға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде қалаларды кешенді дамыту – жай абаттандыру емес, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізу. -Бұл басқосу Маңғыстау облысы үшін маңызды. Біз қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару мен заман талабына сай стандарттар бойынша дамыту үшін Астананың тәжірибесін зерттеп, оны бейімдеп қолдануымыз қажет. Бұл — нақты нәтижеге бағытталған қадам, – деді Ербол Ізбергенов. Жиынға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингіне қарасты «КЖК» АҚ аумақтарды дамыту жөніндегі құзырет орталығының басшысы Санжар Қазиев қатысып, урбанистика саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.