«Жұмбақ бояулар»: Маңғыстауда суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды

«Жұмбақ бояулар»: Маңғыстауда суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды

«Жұмбақ бояулар»: Маңғыстауда суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды

Маңғыстауда «Жұмбақ бояулар» атты халықаралық суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы басталды. Халықаралық шара «Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 20-30 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Симпозиумның басты мақсаты – беделді қылқалам шеберлерінің тәжірибе алмасуы, шеберлік сабақтарын өткізу және Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасау. Сонымен қатар, темірден жасалған мүсіндерді насихаттау, қала көрікті жерлерін ашу және мүсін өнерін дәріптеу жоспарланған. Симпозиумның ашылу салтанатында Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Мұсағалиев мерекелік іс-шараның маңызы туралы айтты. - Іс-шара 10 күнге созылады. Симпозиумға түркі тілдес мемлекеттерден жиналған 30-дан астам мүсінші мен суретші қатысады. Қазақстаннан 10 мүсінші, оның екеуі Ақтаудан, өзге облыстардан сегіз. Сонымен қатар, 10 суретші, оның ішінде бесеуі Ақтаудан және өзге облыстардан. Шара бейнелеу өнерін насихаттап, қала тұрғындары мен қонақтарын түркі тілдес елдерден келген қатысушылардың шығармашылығымен таныстыруды көздейді, - деді Нұрболат Мұсағалиев. Симпозиум аясында өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетін дамытуға, өнерге қызығушылықты арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.