
Маңғыстаулық жас сақшылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды
Маңғыстаулық оқушылар 15–19 шілде аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында өткен «Жас жол инспекторларының» халықаралық слетінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Танымдық сайыста 7 елден барлығы 35 оқушы қатысты. Слет аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен насихаттауға арналған түрлі байқаулар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтті. Қазақстан атынан қатысқан Ақтау қаласының «Жол сақшылары» жасағы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңімпаз оқушылар: Айкөркем Тасхайрова– Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы; Анелья Азат – Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы; Ғизат Шахан – Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы; Жанель Сабитова – Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы; Арсен Ибадулла – Ақтау қаласы, №11 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.