Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына барып, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Өңір басшысы сапарын Баутино ауылына қарасты Аташ елді мекенінде жаңадан пайдалануға берілген футбол және балалар ойын алаңын аралаудан бастады. «Бозашы Нефть» мекемесінің қаржылай қолдауымен салынған бұл заманауи алаңда балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мұнда түрлі ойын құрылғылары орнатылып, қауіпсіздік талаптарына сай толықтай қоршаумен жабдықталған. Жаңа кешенде жаттығатын балаларға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Ауданға сапар барысында облыс әкімі балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстармен де танысты. Бұл бағытта «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС мен «Сұлтан Агро» ЖШС бірлесіп, Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау және молайту мақсатында «Каспий албырт тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасын қолға алған. Жоба аясында биыл жыл басынан бері Каспий теңізіне салмағы 170-200 грамм болатын 700-ге жуық албырт балығының шабақтары жіберілген. Ал Балықшылар күні қарсаңында тағы 700 дана, салмағы 250 граммдық шабақ суға жіберілді. Жоба нәтижесі 2025 жылдың қыркүйегінде белгілі болады деп күтілуде. Аймақ басшысы әрі қарай «Балық өндірісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жалғыз оқу орны - Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне барып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 2015 жылы құрылған колледжде оннан астам мамандық бойынша білім беріледі. Оқу орны заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, арнайы пәндерге арналған кабинеттер мен шеберханалар жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Ағаш өңдеу», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», «Дәнекерлеу ісі», «Балық өндірісі» және басқа да бағыттар бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ колледж аумағында ұйымдастырылған демонстрациялық алаңда студенттер мен оқытушылар дайындаған балық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, өнімдер дегустацияға ұсынылды. Облыс басшысы өңірдің дамуы жастардың сапалы білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдіруімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ол алдағы уақытта балық шаруашылығы мен өнеркәсіп саласын қолдауға, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға басымдық берілетінін жеткізді. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі