Ақтауда NIS оқушысы халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына жолдама алды

Ақтауда NIS оқушысы халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына жолдама алды

Ақтауда NIS оқушысы халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына жолдама алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Сұлтанбек Сары осы жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтетін халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына(IOAI 2025) қатысады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы зияткерлік мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Финал нәтижесінде 12 үздік қатысушы оқу-жаттығу жиынына шақырылып, олардың арасынан іріктелген 8 оқушы, оның ішінде Ақтаудағы NIS оқушысы Сұлтанбек Сары, IOAI 2025 халықаралық олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының атынан бақ сынайды. IOAI 2025, яғни халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы 2025 жылдың 2–9 тамызы аралығында Бейжіңде (Қытай) өтеді. Бұл - әлемнің 60-тан астам елінен келген оқушылар бақ сынайтын беделді зияткерлік дода. Айта кетейік, Сұлтанбек елордада өткен AI Olymp — жасанды интеллект бойынша алғашқы республикалық олимпиадасында қола медаль иеленді.