Биыл Маңғыстауда Келешек жобасы аясында 9 мектеп ашылады
Маңғыстау облысында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында білім беру ордаларын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған бастама шеңберінде өңірге жалпы саны 12600 оқушыға арналған 13 жаңа мектеп ашу жоспарланған. 2024 жылдың желтоқсан айында бұл мектептердің алғашқы төрт нысанының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Биылға өтпелі кезеңмен тағы 9 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл оқу орындары 8100 оқушыға арналған. Сонымен қатар, ұлттық пилоттық жобаны оңтайландыру мақсатында осы жылы 9400 оқушы орнына лайықталған тағы 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұдан бөлек, өңірде жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың есебінен 1200 орындық 1 мектептің құрылысы жүруде. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 1300 мектепті жаңғырту шеңберінде Маңғыстау облысында 2025-2027 жылдар аралығында 21 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Биыл арналған жоспар бойынша 144 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызмет