Сұлтан Раев бастаған ТҮРКСОЙ делегациясы Маңғыстаудың киелі мекендерін аралады

Сұлтан Раев бастаған ТҮРКСОЙ делегациясы Маңғыстаудың киелі мекендерін аралады

Сұлтан Раев бастаған ТҮРКСОЙ делегациясы Маңғыстаудың киелі мекендерін аралады

Биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болған Ақтау қаласына ресми сапармен келген Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған шетелдік делегация Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерін аралады. Сапар барысында мәртебелі меймандар алдымен қазақ халқы үшін киелі орын саналатын Қараман Ата жерасты мешітіне барып, көне кесенелер мен маңындағы тарихи қорымдарға зиярат етті. Бас хатшы Сұлтан Раев оғыз-қыпшақ дәуірінен сақталған құлпытастардағы таңбалар мен өрнектерге ерекше назар аударып, бұл мәдени мұраларды сақтау мен жас ұрпаққа жеткізудің бүкіл түркі әлеміне ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Меймандар сапарды әрі қарай табиғаты ерекше, көркем ландшафтымен ерекшеленетін Ыбықты сай шатқалында жалғастырды. Сондай-ақ, күні кеше өңірде өткен «Даламен үндес баба өнері» атты халықаралық қолөнер шеберлері фестиваліне қатысқан түркі елдерінің дизайнерлері осы шатқалда түсірілім ұйымдастырып, Маңғыстаудың тарихи-мәдени келбетін сән өнері арқылы паш етті. ТҮРКСОЙ делегациясы бұл құнды мұраларды халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау мақсатында нақты жобалар мен бірлескен бастамалар қолға алынатынын жеткізді. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі