Нұрдәулет Қилыбай «Tenge Oil&Gas» компаниясының өкілдерін қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай «Tenge Oil&Gas» компаниясының өкілдерін қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай «Tenge Oil&Gas» компаниясының өкілдерін қабылдады

Бүгін, 18 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Tenge Oil&Gas» ЖШС бас директоры Чен Цинцзюнь бастаған делегациямен кездесу өткізді. Басқосуға Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары да қатысты.

Басқосуда тараптар компанияның өңірдегі өндірістік қызметін, әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы жұмыстары мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Депутаттар мұнай-газ өндіру жұмыстары жүріп жатқан аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қала және ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға демеушілік көрсету жөнінде бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Tenge Oil&Gas» ЖШС - Маңғыстау облысындағы Тенге кен орнында көмірсутек шикізатын өндірумен айналысатын компания. Қазіргі таңда кәсіпорында 250 қызметкер жұмыс істейді. 2023 жылдың ортасынан бастап компанияның акционері - Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласындағы ZPEC корпорациясы болған.

Компания өкілдерінің айтуынша, өткен жылдан бері олар өңірдегі демеушілік және қайырымдылық шараларға белсенді түрде қатысып келеді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай компаниямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ой білдірді

- Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин маңызды әрі мазмұнды кездесу өткізді. Біз де осы бағытты жергілікті деңгейде жалғастырып, өзара ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете түскіміз келеді. Біз серіктестік аясын кеңейтіп, жаңа жобаларға ұйытқы болуға әрдайым мүдделіміз. Егер біздің тараптан қандай да бір көмек қажет болса, қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.



Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі